Мақсат Мақұлбеков Нұрланұлы
Мақсат Мақұлбеков Нұрланұлы /тенор / оркестрдің солисі
1987 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қазанғап атындағы музыкалық колледжіне «Ән салу» бөліміне ҚР еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетованың сыныбына түседі. 2009 жылы аталған колледжді жақсы бітіріп, сол жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі, профессор Есимов Ғафиздің сыныбынан білім алды. Консерватория қабырғасында жүріп халықаралық, республикалық вокалистер конкурсының лауреаты атанып, проректор,
композиторлар одағының мүшесі А.Райымқұлованың жетекшілігімен «Аңсар» вокалды тобын құрып, осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылып, әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. 2015 жылы Медеу Арынбаевтың тәлімгерлігімен «Қазақстан дауысы» жобасының финалында үздік өнер көрсетті. Консерваторияны бітірген соң Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке қабылданып, бес жылдай операсы әртісі қызметін атқарып, көптеген ауқымды рөлдерде Н.Үсенбаева, В.Алпысбаева, М.Мұхамедқызы сынды қазақ операсының майталмандарымен сахнада өнер көрсетті
2016 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясы Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрі, камералық оркестр солисі қызметін атқарып келеді. Өнер ұжымымен бірге Азербайжан, Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінде гастрольдік сапарда болып, Сыр елі классикалық өнерін насихаттауда өз үлесін қосып келді.
Сонымен қатар Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің
«Ән салу» бөлімінің І санаттағы ұстазы. Модератор
2007 жылы Қызылорда қаласында өткен XXVIII Республикалық вокалистер конкурсында І орын;
2007 жылы Талдықорған қаласында өткен республикалық
«Дельфийлік ойындар» фестивалінде ІІ орын;
2007 жылы Шымкент қаласында өткен «Романсиада» конкурсында арнайы диплом иегері;
2007 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінде «Үміт» сыйлығының иегері.
2012 жылы Астана қаласында өткен Шабыт фестивалінің ІІІ орын иегері;
2012 жылы VI Халықаралық Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистерконкурсының ІІ орын иегері;
2013 жылы Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ саз фестивалі аясындабайқауының І орын
2013 жылы Талдықорған қаласында өткен М.Төлебаев атындағы конкурсының І орын;
2013 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық вокалистер конкурсының ІІІ орын иегері;
2015 жыл Алматы қаласында өткен «Қазақстан дауысы» телевизиялықжобасының финалисті атанды.
2016 жылы өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 2011-2016 жылдар аралығында «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында» жұмыс атқарған.
2016 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облыстықфилармониясында қызмет атқарып келеді.
2017 жыл Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» Халықаралықмамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысының мәдениет күндерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2017 жыл Мәдениет және өнер саласының кәсіби мерекесіне орай
Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
2018 жыл «Қызылорда қаласына 200 жыл» Мерекелік медальменнаградталды.
2018 жыл Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жыл Қызылорда облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы Қызылорда облыстық филармония директоры
Т.Мақашовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жыл TURKSOY ұйымының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Түркия мемлекеті.
2018 жыл Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлтаспаптар оркестрлерінің Халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін сертификат. Атырау облысы әкімдігі.
2018 жыл «Сыр Жұлдыздары» атты телевизиялық байқауындақатысушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен;
2019 жылы Еліміздің мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақмәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
2019 жыл Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
2019 жыл «Созвездие Романса» конкурсына қатысушы дайындағаны үшін дипломмен;
2020 жыл ҚазССР-нің Еңбек сіңірген әртісі,Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері,профессор Алма Оспанованың 80 жылдығына арналған Республикалық вокалистер байқауында «Жеке ән салу» номинациясы бойынша лауреат дайындағаны үшін Алғыс хахымен;
2020 жыл Музыкалық колледждер арасындағы орындаушылардың 41ші Республикалық конкурсына қатысушы дайындаған үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Қ.Мұсақожаеваның Алғыс хатпен;
2020 жыл Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының Сыр өңірінде алғаш рет сахналануына қосқан зор үлесі үшін басқарма басшысы
М.Әбуованың Алғыс хатымен;
2022 жылы Күліш Байсеитова атындағы медальмен парапатталды. 2022 Облыстық Білім басқармасы басшысы М.Шермағамбеттің Алғыс хатымен;
2022 филармония басшысының алғыс хатымен;
2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2023 Италияның Озимо қаласында өткен мастер классына қатысып, білімін жетілдіріп келді.
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты Қызылорда облысы өнер шеберлерінің Гала концертіне қатысып басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды.