Ақылбек Табынбаев

1992 жыл 24 шілде айында Қызылорда облысында дүниеге келген. 2004-2006 жылдар Аралығында М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінен білім алған. 2008 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түскен. Оқытушысы Инаят Жарылқанов ағайдың студенті атанып, 2012 жылы музыкалық колледжді тәмәмдады.

2013 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Кенжебеков Ұлан Мырқасымұлының студенті атанған. 

2017-2019 жыл Аралығында Астана Қаласында Астана опера және балет театрында әртіс болып жұмыс жасаған. 

Шымкент қаласында өткен Романсияда конкурсының жеке «Восточный Бэлканто» димломымен марапатталған.

Нұрғиса Тілендиев Атындағы халықаралық конкурсының лауреаты атанған.

2020 жылдың ақпан айынан  бастап Қызылорда Облыстық Филармониясында әртіс болып жұмыс жасайды.