1997 жылы 11-қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.
2005-2014 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебін 9 жылдық білім бойынша бітіріп, 2014-2017 жылдар аралығында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Вокалдық өнер» бөлімінің меңгерушісі Перуза Амангелдіқызының класына қабылданған.
2016 жылы Астана қаласында өткен Е.Рахмадиев атындағы І Халықаралық вокалистер байқауына қатысқаны үшін диплом, 2016 жылы Қызылорда облыстық ХІІ Ұлттық Жастар Дельфийлік ойындарында «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша Бас жүлде және Республикалық Дельфий ойындарына жолдама, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 1-4 қарашасында Ақмола облысының Степногорск қаласында өткен ХІІ Ұлттық Жастар Дельфийлік ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары жетістікке жеткені үшін облыс әкімінің орынбасарының Алғыс Хатымен, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Дельфий комитетінің өкілінен Сертификат, Алматы қаласында өткен ҚР Халық әртістері К.Кенжетаев пен Ш.Бейсекова атындағы Халықаралық әншілер байқауында «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша Диплом, 2017 жылы Астана қаласында өткен Музыкалық колледждер арасында өткен ХХХVIII Республикалық орындаушылар конкурсына қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталған.
2017 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін «Академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисі» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2017-2018 жылдар аралығында Қызылорда қалалық Өнер мектебінде «Вокал» бөлімі мұғалімі қызметін атқардым. Мектеп ішіндегі тәрбие сағаттары мен ашық сабақтарға, қалалық концерттерге белсене қатыстым. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастырған конкурсында оқушыларым 2-ші, 3-ші орындарды иеленді. Оқушым, Базарбек Арайлым ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен де жұлдыз боламын» Республикалық байқауында 2-орын және Түркияға жолдама, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры кәсіби емес орындаушыларға арналған «Абай әндері» республикалық онлайн-конкурсына оқушы дайындағаным үшін Абай атындағы ҚМАОБТ директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қалиева А.Ж –дан Алғыс Хат, ҚР Мәдениет қайраткері «Смарт» өнер мектебінің директоры С.Майғазиевтен Алғыс Хат, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық «Бойтұмар кз» балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби-танымдық директоры Керимкулова Б.А- дан Диплом сонымен қатар, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен, «Ғұмырдария» продюсерлік орталығы ұйымдастырған «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың ХІІІ Халықаралық ән-би байқауына белсенді түрде қатысып педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін Диплом, «The world of art» Халықаралық конкурсына лауреат дайындағаным үшін Алғыс Хатпен марапатталдым. Қалалық өнер мектебінің оқушысы, оқушым Базарбек Арайлым, «Таңшолпан» жас орындаушылардың облыстық эстрадалық телебайқауының жартылай финалына қатысып, Дипломант атанды.
2018-2022 жылдар аралығында Алматы қаласына Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына, доцент, Смайлова Торғын Абибуллақызының класына «Академиялық вокал» бойынша жоғарғы оқу орнын жалғастырған.
2020 жылы «Атадан мұра» қоғамдық қорының ҚР білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталдым. М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің «Эстрадалық ән салу» бөлімінің оқушысы Базарбек Арайлым 2020-2021 оқу жылында көрсеткен үздік білімі мен іс-шараларға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының балалар музыка мектебінің және МКҚК Алматы қаласының «Оқушылар сарайының» «Эстрадалық вокал» бөлімінің мұғалімі қызметіне орналастым. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Балбұлақ» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала рухы» ІV Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауының «Вокал» номинациясы бойынша лауреаттар дайындағаным үшін Құрмет грамотасымен және де «Үздік ұстаз-2021» төсбелгісімен марапатталдым. 2022 жылы «Art Forum of Kazakhstan» шығармашылық ұйымының ұйымдастырған конкурсында оқушыларым жүлделі 1-2-3-орындарды иеленіп, ҚР құрметті азаматы, ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері Буркутбаева Ш.К-дан Алғыс хатпен марапатталды. 2021-2022 оқу жылында Іле ауданының білім бөлімінің басшысы Л.Каткеевадан Мақтау қағазы, «Мұрагер» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала әуені» балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауында оқушыларым жоғары жетістікке жеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2021 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық музыкалық мектебінің жас мамандардың шығармашылық кешіне қатыстым. 2022 жылы №1 Балалар музыка мектебінің директоры Алдибаева Ш.Т-дан 2021-2022 оқу жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жас дарындардың шеберлігін шыңдауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталдым. 2022 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен ҚР Халық әртісі, профессор Ғафиз Есимовтің 75 жылдығына орай өткізілген ХІҮ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды. 2022 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын Өнер бакалавры, Опералық, концерттік-камералық әнші және оқытушы мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
2022 жылы Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Ш Рахметованың Алғыс хаты, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Р.Рүстемовтен Алғыс Хатымен;
2023 жылы 18.06-25.06 аралығында АҚШ-ns4 Қазақстандағы елшілігінің демеуімен өткен білім беру және музыкалық лагерь «Acapella Camp» -қатысқаны үшін «Мәдени қазына қорының» сертификатымен марапатталды. «Қазақ Романсиадасы - 2023» балалар вокалдық конкурсына студент дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Білім саласының ардагері Есенғазы Көшербаевты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында әншілер байқауына лауреат дайындағаны үшін колледж директоры М.Б.Әмзеден Алғыс хатымен марапатталды.