ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы
1957 жылы 11 қыркүйекте Қазалы ауданы, қәзіргі Бекарыстан би ауылында дүниеге келген.
1973-75 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Маметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінде оқып, 1975 жылы ашылған «Мелиоратор» Сарайына көркемдік жетекші болып қызметке орналасқан. 1978 жылы облыстық филармонияға әнші ретінде шақырылып, атақты Сыр сүлейі, Нартайдың шәкірті Ақмырза Тұяқбаев бастаған бригадаға әнші болып орналасады.
2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Музыка» бөлімін бітірген.
1978 жылы «Өмірді әнмен өрнектейміз» атты облыстық әншілер байқауына қатысып, осы жылы облыстық филармонияға А.Тұяқбаев бастаған бригадаға әнші болып шақырылды. Міне, сол жылдан бастап филармонияда үздіксіз қызмет атқарып келеді. 1992 жылы өткен тұңғыш Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың ең алғашқы лауреаты.
1993 және 1994 жылдары Алматы қаласында өткен «Қарқара жәрмеңкесіне» қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сонымен қатар гастрольдік сапарлармен көрші Өзбекстан мемлекетінің Бұқара, Самарқан, Навои қалаларында, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінде өнер көрсетті.
2015 жылы облыс орталығында «Жібек сезім» атты жеке шығармашылық кеші өтсе, 2021 жылы облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен туған ауылында онлайн форматта «Қыз қызғалдақ-ән ғұмыр» атты облыстық әншілер конкурсы өтті.
Мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін көптеген құрметті марапаттарға ие болды.
Марапаттары:
1998 жылы – «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы;
2002 жылы – Жыл қорытындысымен «Халықтың сүйікті әншісі» номинациясы;
2008 жылы – Облыс әкімінің стипендиаты;
2009 жылы – «Қызылорда облысына -70 жыл» мерекелік медаль;
2009 жылы – ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаль;
2015 жылы – ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медаль;
2016 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медаль;
2018 жылы – «Қызылорда қаласына - 200 жыл» мерекелік медалі; 2018 жылы – Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай облыс
әкімінің Алғысы;
2018 жылы – «Тасбөгет кентіне- 70 жыл» мерекелік медаль;
2021 жылы – ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаль;
2022 жылы – Қызылорда қаласының «Құрметті Азаматы» атағын иеленді;
2023 жылы – «ҚР мәртебелі маманы» төсбелгісі;
2023 жылы – Облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы.