1987 жылы 20 қарашада дүниеге келген.
1994 ж Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданды. Мектеп қабырғасында жүріп, бірнеше облыстық іс-шараларға және байқауларға қатысты.
Атап айтсақ, Облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсына қатысып, жүлделі ІІ орын иемденді. «Қазақша караоке» байқауына қатысып Дипломант болды. Қалалық мектептер арасында өткен өзге ұлт әндерін айту байқауында жүлделі ІІІ орын алды.
2005 жылы 11 сыныпты Асқарова Ұлман Шаменқызының сыныбын бітіріп, 2005 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Ән салу» бөліміне 1 курсқа оқуға түсті. Колледж қабырғасында оқып жүріп, бірнеше Республикалық, Халықаралық, облыстық байқауларға қатысты. Айтар болсақ Сыр елі өнерлі жастарының «Менің дауысым Отанға» тележобасы (Дипломант 2005 ж), Орал қаласында өткен Республикалық «Армандастар»(ІІІ орын 2006 ж), Тараз қаласында өткен Республикалық «Дельфийлік ойындары» (Дипломант 2008 ж), Шымкент қаласында өткен Халықаралық «Романсияда» вокалистер байқауы (Алғыс хат 2008 ж).
2009 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін аяқтап, аталған жылы еңбек жолын облыстық филармониядан бастады. 2017 жылы «Болашақ» университетінің «Музыкалық білім» Бакалавры дәрежесін алдым.
Филармония қабырғасында жүріп бірнеше облыстық іс-шараларға белсене атсалысып жүр. 2010 жылы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды және облыстық филармониясының 40 жылдық мерекелік медалін алды.
2019 жылы Қ.Р еңбек сіңірген әртісі «Құрмет», 2020 жылы «Еңбек даңқы» медалімен, «Парасат» орденінің иегері Майра Ілиясованың шақыртуымен Алматы қаласында өткен «Сағындырған әндер-ай» ретро ән кешінде сазгер, әнші арман Дүйсенов ағамызбен өнер көрсетті.
Қазіргі таңда облыстық Филармониясында әнші және ән өңдеуші болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы. Келіншегі және 2 ұлы бар.