Төреғали Аружан Әлиханқызы

1999 жылдың 9-қазан күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Өнер әлемінің баспалдағын оқушылар сарайында білім алумен бастаған. Мектеп қабырғасында жүріп, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. 2015 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде, ҚР еңбек сіңірген әртісі, ұстаз Ақдаулетова Қаракөз Ақжігітқызының сыныбында білім алды. Колледж қабырғасында білім алған уақытта Семей қаласында өткен М.Төлебаев атындағы ІІ –республикалық вокалистер байқауында дипломант атанып, Алматы қаласында өткен К.Байсейітова атындағы республикалық вокалистер байқауында сәтті өнер көрсетті. Сонымен қатар, жан-жақтылығымен Нұрсұлтан қаласында өткізілген ХL Республикалық байқауда «Вокалдық ансамбль» номинациясы бойынша 3-ші дәрежелі лауреат атанып, фортепиано аспабы бойынша «Eurasia Piano Forum» атты V халықаралықбайқауында да лауреат атанып, жүлдеге ие болды. 2017 жылы «Аршын Мал Алан», 2018 -жылы «Айсұлу» комедиялық операларында басты кейіпкерлерді алып шықты. 2019 ж колледжді үздік тәмамдады. Колледж қабырғасында білім алып жүрген сәтте қалалық, облыстық концерттерде өнер көрсетіп, облыс мәдениетіне үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен, мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің марапатына ие болды. 2019-2023 жылдар аралығында мемлекетіміздің мәдени ошағы, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында білім алды. Оқу барысында республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, консерватория қабырғасында ұйымдастырылған іс -шараларға ат салысып, түрлі концерттер мен спектакльдерде өзінің жан -жақтылығымен танылған болатын. Оқумен қатар 2021-2023 жылдар аралығында өнерлі балаларға эстрадалық ән салу бағытында білім беріп, ұстаздық қызметін атқарды. Біршама республикалық, халықаралық байқауларда бақсынап, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қоса, балаларға музыкалық білім беріп, өнерге баулыған еңбегі үшін «Үздік ұстаз» деген алғыс хаттармен марапатталды. 2023 -ші жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын үздік тәмамдады. 2023 -ші жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясының «Сыр самалы» вокалды -аспапты ансамблінің солисті ретінде жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда қалалық, облыстықауқымды концерттер мен мерекелік іс -шараларда өнер көрсетіп келеді. 2023 жылы өткен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан-ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсетіп, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының алғыс хатымен марапатталды. 2024 жылы Алматы қаласында «Сұлу Сырдан-ару Алматыға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсетіп, облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының алғыс хатымен марапатталды.