1986 жылдың 2 тамыз күні Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы №235 қазақ орта мектебінде білім алады. 2004-2008 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжіне оқыды. 2015-2019 жылдар аралығында Болашақ университетінің «Музыкалық білім» (бакалавр) мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық «ІІІ Бозторғай» өнерлі балалар шығармашылығы байқауының І орын иегері. 2006 жылы өткен «Менің Қазақстаным» халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы конкурсының дипломанты атанды. (облыс әкімінің арнайы марапатымен). 2007 жылы Р.Бағланованың 85 жылдық мерейтойына арналған аймақтық «Ақмаңдайлым» атты конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2012 жылы К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты ІІІ Републикалық әншілер конкурсында жүлделі ІІ орынға ие болды. 2020 жылы Түркия мемлекетінде өткен халықаралық «Gold art fest» конкурысна қатысып, жүлделі І орын жеңмпазы болды. 2006-2008 жылар аралығында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде қызмет жасады.
2008-2012 дар аралығында қызылорда облыстық филармониясының әншісі қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облыстық филармониясының әртісі қызметін атқарып келеді. Республика мен облыс көлемінде өткізіліп жүрген шараларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
2023 жылы өткен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан-ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсетіп, филармония басшысының алғыс хатымен марапатталды.