«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі
2020 жылы облыс әкімі Қ.Ысқақовтың Қорқыт мұраларын насихаттауға  арналған  5 жылдық кешенді іс-шаралар жоспары  аясында құрылды.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі  «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері,  қобызшы Пұсырманова Салтанат. Ансамбльде 17 білікті мамандар қызмет атқарады.
Ансамбль 2020 жылы қыркүйек айында Украина мемлекетінің Днепр қаласында онлайн түрде өткен «Яркие таланты осени» халықаралық фестивалі және «Super World Talent 2020» халықаралық онлайн фестивалдерінің  Бас жүлде иегері.
«2022 – Балалар жылына» орай балалардың аспаптарға қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі музыка жанрын насихаттауға арналған «Мәңгілік музыка» айдарының лекция-концерттерімен мектептерде өнер көрсетті.