Мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің мәдени іс-шараларға қолжетімділігін арттыру және облыстық филармония көрермендерінің контингентін кеңейту мақсатында 2016 жылдың наурыз айында ашылды. Көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қ.Боранбаев, режиссері «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісінің иегері Е.Әбжалиев.
Қазіргі таңда ұжымның қоржынында 10 аса музыкалық қойылым бар. Олар: орыс ақыны Н.Гернеттің «Балапан қаз», Г.Остердің «Мазасыз тиін», Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз мейрамына орай «Наурыз-Ару», «Керғұла атты Кендебай» атты қазақ ертегісінің желісімен қойылған «Кендебай» қойылымы, «Ғаламшар шыршасы» балалар ертеңгілігі, «Клоунада» цирк-трюктерімен ойын-сауық қойылымдары бар. Сонымен қатар театр әртістері 2019 жылы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының облыстық жобалық кеңсе аясында «Ля-ля-фа» балалар мюзикл студиясында басты рөлдерді сомдады.
2020 жылдың қазан айында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының режиссёрі Ерғазы Абжалиевтің ұсынысымен студия ұжымы «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына онлайн түрде, Г.Остердің «Мазасыз тиын» қойылымымен қатысып 1 млн 200 мың теңге грантын ұтып алды.
2022 жылы Н.Бегімбеттің «Киіктің лағы - Таңшолпан» атты қойылымның премьерасын;
2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері А.Издикулованың Айбардың хикаялары «Айбар мен Бауырсақ» атты қойылымының премьерасын ұсынды.