Камералық хор ұжымы

Кәсіби музыкалық хор ұжымы 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап аймақ басшысының тікелей қолдауымен өз жұмысын бастады. Облыста алғаш рет құрылған хор ұжымының мақсаты – хор өнерін дамыту, жастарға кәсіби деңгейде музыкалық бағыт-бағдар беру, қазақ музыкасының көпдауысты ән өнерін дәріптеу. Көркемдік жетекшісі – Әкім Мұратұлы. Қазіргі таңда хор ұжымында 30-дан аса әртіс жұмыс атқарады.

Ұжым мүшелері еліміздің түрлі музыкалық мектептерінің түлектері, хор және вокал өнерін жетік меңгерген музыканттарбасым көпшілігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері, сонымен қоса Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерінен құралған.

Қызылорда қаласында хор өнерін дамытуға дамытуға бағытталған бұл ұжым жастарға жаңа шығармашылық мүмкіндіктер ұсынып, оларды музыкалық салада жан-жақты дамуға ынталандырып келеді. Ұжым өзінің орындауындағы шығармалар арқылы өңірдегі мәдени өмірге үлес қосып, қазақтың дәстүрлі ән өнерін заманауи контексте дамытуға тырысады.

Хор ұжымының репертуары – жанрлық жағынан да, мазмұндық тұрғыдан да алуан түрлі. Ұжымның орындауындағы шығармалар қазақтың халық әндерінен бастап, заманауи композиторлардың хорға арналған туындыларына дейін қамтиды. Сонымен қатар, ұжым репертуарынан әлемдік классикалық музыка үлгілерін де кездестіруге болады.

Хор ұжымы құрылған күннен бастап өз өнерін кеңінен насихаттап келеді. Ұжым қазіргі таңда Қызылорда облыстық филармониясында өтіп жатқан әрбір концертке тұрақты түрде қатысып, өз өнерімен көрермен ықыласына бөленіп жүр.

Хор ұжымы алғаш рет “Руханият” жылының қорытынды концертінде сахнаға шығып, дебюттік орындау ретінде “Let it snow” әнін ұсынды.

“Сыр самалы” вокалды-аспапты ансамблінің 15 жылдығына арналған кеште ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, композитор, музыкант Кенжебай Елденбаевтың шығармашылығына арналған концертте “Come Alive” және “A Tribute to Queen” шығармаларын орындады.

Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің “Жас екпін” атты концертінде хор ұжымы оркестрмен бірге Абай операсынан үзінділерді орындады.

Сондай-ақ облыстық филармонияның эстрадалық орындаушылары ұйымдастырған “Аналарға тосын сый” атты қойылым-концертте ұжым “Ана туралы әндерге попурриді” орындап, көрермен ықыласына бөленді.

Қазіргі уақытта хор ұжымы кезекті концерттерге дайындық үстінде.