
Мәдениет саласындағы тың бастамалар нәтижесінде өңірімізде заманауи би ансамблін құру туралы ұсыныс оң шешімін тауып, облыс әкімінің қолдауымен 2024 жылдың шілде айында Қызылорда облыстық филармониясы жанынан «AI-ARU» заманауи би ансамблі құрылды.
Ансамбльдің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері белгілі хореограф, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Замира Стықбаева. Репетиторлары Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты – Абай Махамбетжанов және хореография саласының кәсіби білікті маманы – Талғат Қыдырбайұлы.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Замира Тоқтарқызы 2001-2005 жылдар аралығында Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хореография» факультетіне грантқа түсіп, Т.Угай, Г.Мырзабаева, С.Нұрманова сынды Сыр елі би өнерінің майталмандарынан білім алды. «Дидар» халықтық би ансамблінің солисі қызметін атқарды. Ансамбль құрамымен Оңтүстік Корея, Мәскеу, Украина сынды т.б. шет мемлекеттерде қазақ би өнерінің шоқтығын биіктетуге зор үлесін қосты. Сонымен қатар 2001-2002 жылдар аралығында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында режиссердің ассистенті қызметін атқарып, көрнекті режиссер, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық әртісі Е.Оразымбетовтың көмекшісі ретінде облыс көлеміндегі мәдени көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
2009 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясының жеке орындаушы әртісі (солисті) қызметін атқарды. 2018 жылы облыстық филармонияның сахна би қимылы репетиторы қызметіне ауысып, әртістердің сахнадағы қимылдарымен жұмыс жасады. Салтанатты ресми шараларда тақырыпқа сәйкес әр бағыттағы заманауи билер мен массовый би қойылымдарын жоғары деңгейде қойды.
Сыр елі мәдениет мен өнеріне қосқан зор үлесі үшін аймақ басшыларының, филармония басшысының көптеген «Алғыс» және «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Бүгінде ансамбль құрамына арнайы іріктелген талантты 20 биші қабылданып, 2024 жылдың тамыз айынан шығармашылық бағытта өз жұмысын бастады. Ансамбль заманауи модерн бағытындағы би қойылымдары, заманауи хореографиялық композициялар, мюзикл және әндерді бимен көркемдеу сынды жұмыстарды атқарып келеді.
25 қазан – Республика күніне орай өткен салтанатты шарада алғаш рет "Тек-Тамыр" атты би композициясын сахналап, дебюттік қойылымымен көрермен қошеметіне бөленді.
Ансамбльге және ұжым мүшелеріне «29 сәуір – Халықаралық би күні» қарсаңында аймақ басшысының арнайы Алғысы табысталды. Сонымен бірге, бірқатар ұжым мүшелеріне облыс әкімі орынбасарының, «AMANAT» патриясының және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен филармония басшысының Алғыс хаттары табысталды.
Сәуір айының 25-26-сі күндері ансамбль түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында өткен «Turan Dance» би байқауына қатысып қайтты. Еліміздің Қостанай, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 9 команда қатысып, өзара бақ сынасқан байқауда ансамбль халықтық және заманауи бағытта 2 би ұсынды. (Қойылымы – Замира Стықбаева) Байқау нәтижесінде, өнер ұжымы Арнайы жүлдені жеңіп алып, байқау дипломанты атанды.
Алдағы уақытта да ансамбльдің шығармашылық жұмыстары аймағымыздың мәдени дамуына тың серпіліс әкелмек.