Айсауытова Мөлдір Бахтиярқызы
1984 жыл 1 маусымда, Қызылорда қаласында дүниеге келді.
1999-2003 жылдар аралығындағы Қызылорда аграрлық- техникалық колледжінің түлегі.
2003 жылы Қызылорда қаласындағы «Сейхун» академиялық институтына түсті.
Алғаш еңбек жолын Қармақшы аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып бастады.
2016 жылы Қызылорда облыстық филармониясына концерт жүргізуші-конферансье қызметіне жұмысқа қабылданды.
Осы жылдар аралығында көптеген халықарық, республикалық, облыстық ресми шаралар мен концерттерді жоғары деңгейде жүргізіп келеді
Мәдениет пен өнерге қосқан қызметі үшін біршама марапаттарға ие болды.
2016 жылы- қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы Ғ.Баймұрзаевтың алғыс хаты.
2018 жылы- халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда  облыстық филармониясының басшысы Т.Мақаштың алғыс хаты.
2018 жылы- жаңа жыл мерекесіне орай облыстық филармония  басшысы Т.Мақаштың алғыс хаты.
2019 жылы - Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерінің шығарылғанына
30 жыл толуына арналған мәдени шараның  жоғары  деңгейде  өтуіне атсалысқаны үшін облыстық полиция департаменті  бастығының орынбасары Ж.Оспановтың алғыс хаты.
2019 - мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне  орай облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы  М.Әбуованың алғыс хаты.
2019 жылы- “Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары  А.Әлназарованың алғыс хаты.
2019 жылы - Жаңа жыл мерекесіне орай облыстық филармония  басшысы Т.Мақаштың алғыс хаты.
2021 жылы- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс әкімінің  орынбасары С.Ахметовтың алғыс хаты.
2023 жылы - облыстық филармония басшысы Т.Мақаштың алғыс  хаты.