Ноғайбаева Ақмарал Әлмырзақызы
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ноғайбаева Ақмарала Әлмырзақызы
Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қорқыт Ата атындағыуниверситет Дәстүрлі өнер институты «Дәстүрлі музыка өнері және хореография»
БББ оқытушысы,айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегер, Нартай жыр мектебінің өкілі.
1973 жылы 1 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданында әнші Әлмырза Ноғайбаевтың отбасында дүниеге келген. Анасы Әли Патыма. Әнмен  әлдиленген шаңырақта туылған Ақмаралға әке жолын жалғастыру  бақыты бұйырған екен.
Мектеп қабырғасында 1980-1990ж.оқи жүріп, Шиелі аудандық музыка мектебінде, аккардеон класында  Махмуд Асқаровтан дәріс алды. 1991-1995 ж.Қорқыт Ата атындағы ҚызМУ-дің Музыка факультетінің жанынан ашылған, «Халық әні» кафедрасына оқуға қабылданады.
2001ж. Халықаралық Майра Уәлиқызы атындағы конкурстың лауреаты.
2006ж.Әбіләш Әбуов атындағы облыстық конкурстың Бас жүлдегері.
2008ж.Республикалық Хамза қажы атынд.конкурстың лауреаты.
2013ж.Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің  жүлдегері. 2015ж. Нартай Бекежановтың 125 жылдығына орай «Өздерің білер Нартаймын» атты Республикалық конкурстың 1 орын жүлдегері.    Университет қабырғасында дәріс ала жүріп,  ғылыми ізденістер нәтижесінде  «Әриайдай»,   «Қымыз құйғыш»,   «Бегілер-ай»,   «Жамал-ай»,  «Үкілім-ай» сынды халық әндерін тауып, дәстүрлі ән қоржынын толықтырды. Сырнаймен ән салу дәстүрінде Нартай шығармаларын кеңінен насихаттай жүріп  халық әні «Қымыз құйғыш», халық әні «Қараторғай», Қ.Бекпейісовтың «Әнші сезімі» шығармаларын оркестрге түсіріп, қазақ сахнасында орындап жүр.    Еңбек өтілін өзі оқыған орта мектептен бастаған Ақмарал 
М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында, Атырау облыстық  Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрінде жұмыс жасады. «Педагогикапсихология» мамандығының магистрі.
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
2021 жылы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырданару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсеткені үшін аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.