Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызы
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызы
Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қызылорда облыстық филармониясының әртісі, Қорқыт Ата атындағыуниверситет Дәстүрлі өнер институты «Дәстүрлі музыка өнері және хореография»
БББ оқытушысы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының жыр секторы меңгерушісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Сәрсенбай жыр мектебінің өкілі.
1977 жылы 27 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар елді мекенінде дүниеге келген. Сыр еліне белгілі Сәрсенбай жыраудың немересі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Халық әні» кафедрасының түлегі. 1987 жылы Керекуде өткен Қызылорда мен Шымкент облысы ақындарының республикалық айтысында термеші ретінде өнер көрсетті. 1998 жылы Сырдария ауданында өткен облыстық жыршы-термешілер байқауының лауреаты (І орын). 1999 жылы Қызылорда қаласында өткен Халықаралық Қорқыт жылына арналған аймақтық жыршытермешілер байқауының лауреаты ( І орын). 2001-2003 жылдары Қызылорда қаласында өткен Халықаралық «Ғасырлар үні» жыраулар конкурсының лауреаты (ІІ орын). 2001 жылы Венгрияда өткен Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнері күндеріне қатысып өнер көрсетті. 2002 жылы Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыраулар байқауының жүлдегері. 2003 жылы Орал қаласында өткен белгілі термеші Қ.Орашева атындағы «Көмейінде күміс жыр» атты аймақтық жыршы-термешілер байқауының лауреаты (ІІІ орын). 2003 жылы Атырау қаласында өткен М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыраулар байқауының жүлдегері.
2003 жылы Бішкек қаласында өткен І-ші Халықаралық эпос жырлаушылардың фестивалінде өнер көрсетті.
2006 жылы Астана қаласында өткен «Алпамыс батыр» эпосы –Астанада» атты фестиваліне қатысып өнер көрсетті.
2006-2011 жылдары Қызылорда қаласында өткен Түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты өнер фестиваліне қатысып өнер көрсетті.
2007 жылы Хорасан Атаның 1100 жылдығына арналған республикалық«Заман-ай» атты термешілер байқауында ІІІ орын иеленген.
2007 жылы Ұлыбритания еліндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің арнайы шақыртуымен Лондонда өткен Қазақстанның мәдениет және өнер күндеріне қатысып өнер көрсетіп қайтты.
2012 жылы Бұқарбай батыр Естекбайұлының 200 жылдығына арналған «Батыр баба, Бұқарбай!» атты республикалық дастан орындаушылар конкурсының ІІІ орын иегері.
2012 жылы Т.Ізтілеуұлының 130 жылдығына арналған «Шұғыла шашқан – «Шаһнама» атты республикалық дастан орындаушылар конкурсының І орын иегері.
2015 жылы Қызылорда қаласында өткен Сыр сүлейі Жиенбай Дүзбенбетұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жүйрігіЖиенбай» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауының ІІІ орын иегері.
2017 жылы Майра Сарсенбаева – Қазыбек бидің 350 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткен «Ордалы сөздің иесі-Қазыбек би» атты жыршылар мен термешілердің республикалық конкурсында Бас жүлде иеленді.
Жыраудың жыр қорында Сыр сүлейлерінің терме-толғауларымен бірге «Абылайхан» тарихи дастаны, «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры, Сәрсенбай жыраудың «Жүсіп-Ахмет», «Мұңсызхан» дастандары, «Алпамыс батыр», «Айман-Шолпан» жыр-дастаны, өзінің қаламынан туындаған «Отырардың күйреуі» дастаны бар.
2021жыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2023 жылы Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырданару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің Гала концертінде өнер көрсеткені үшін аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.