Баймырзаева Зульфия Ғабитқызы
1990 жылдың 2 тамызында Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында дүниеге келді. Отбасылы, 3 қызы бар.
Жыршылық өнерге алғаш баулыған ұстазы Майра Сәрсенбаева.
2008-2010 жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы «Дәстүрлі музыкалық өнер»мамандығы Халық ән бөліміне оқуға қабылданды. Екі жылдық дайындық бөлімінде Айгүл Қосанова ұстаздан Батыс ән мектебінен тәлім алып, негізгі мектепті Сыр өңірінің белгілі жыршысы, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова Мәлікайдарқызынан Сыр бойы жыраулық мектебін 2014 жылы аяқтады.
2015 - 2017 жыл аралығында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы "Халық ән" бөлімінде әнші, жыршы қызмет атқарды.
2017 жылдан бері Қызылорда облыстық филармониясының әртіс қызметін және Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің оқытушысы қызметін қоса атқарады. Осы уақыт аралығында облыс және республика көлеміндегі көптеген мәдени шараларға қатысып, үздіксіз өнер көрсетіп келеді.