Қуаңбаев Әділхан Бөрібайұлы
1981 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебіне қабылданып, 1999 жылы бітірген.
Тұрмағанбет ауылында жүз шайырдың бірі Тұңғышбаев Жаппар жыраудан жыр-терме үйреніп, тәлім алды. Ауыл, аудан, облыс сахналарында жас жыршы ретінде өнер көрсетті. Республикалық айтыстарда да бағын сынады.
Өнер жолына келуіне бірден-бір себепкер болған жүз шайырдың бірі, әкесі Бөрібай еді. Баласына бағыт-бағдар беріп, шайырлардың жыр-термелерін жастайынан жаттатып, шыңдады. Қызылорда облыстық филарманиясында жұмыс жасай жүріп, 2014-2018 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі жыр» мамандығы бойынша белгілі жырау Руслан Ахметовтен дәріс алады. Сыр бойындағы Жиенбай жырау мектебінің өкілі.
Көптеген республикалық байқаулардың лауреаты. Халықаралық дәстүрлі жыр фестивальдерінде өнер көрсеткен.
2015 жылы Ұлы Жеңістің 170 жылдығына арналған «Майданнан хат» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында майдан даласында жазылған, елге деген сағынышқа толы жыр жолдарын сыр мақамдары арқылы ерекше жырлағаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жырау Б.Рүстембековтың туғанына 70 жыл толуына орай «Көшеней десем» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасының І орын иегері.
2017 жылы халық батыры, қолбасшы Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған «Ерлігі ұрпаққа ұран Текей батыр» атты батырлық дастан орындаушылардың республикалық байқауынан Бас жүлде иеленді.
2017 жылы «Ұлы дала – елі» халықаралық жыршылар фестивалінің дипломанты./Алматы/
2017 жылы «Жыр дүлділі - Марабай» республикалық жыршылар байқауының І дәрежелі лауреаты. /Орал қалас.
2017 жылы Сыр сүлейі Базар Оңдасұлының 175 жылдығына арналған «Жамиғы қазақ бір туған» атты жыршы-жыраулар байқауынан Бас жүлде алды.
2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкжар жәрмеңкесінің 150 жыл және Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған «Жан серігім - домбыра» аймақтық дәстүрлі әнші-жыршылар байқауында ІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. /Ақтөбе/
2018 жылы Түрік халықтарының дәстүрлі өнерін насихаттағаны және байырғы музыкалық мұрамызды жаңғыртып, «Астана - арқау» дәстүрлі түркі музыкасының фестиваліне қатысқаны үшін арнайы дипломымен марапатталды./Астана/
2019 жылы Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және ұды дала сазы» халықаралық фольклорлық – музыкалық өнер фестивалінде орындаушылық өнердің үздік үлгісін көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталады. 2020 жылы Мәдениет пен өнерге қосқан зор үлесі үшін Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет грамотасы»
2023 жылы Ә.Жұматаевтың «Жүз сауал» қиссасын жырлауға арналған жеке жыр кешін өткізді.
2014 жылдың 14 сәуірінен бастап Қызылорда облыстық филармониясында дәстүрлі жеке орындаушы, әртіс болып жұмыс жасайды.