1988 жылы 23 желтоқсанда Қызылорда қаласында туылған. Отбасылы.
2004 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне түсіп, 2008 жылы «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің «Гобой» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2008-2012 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Гобой» мамандығы бойынша тәмамдады.
2012 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық филармония жанындағы Тұрмағамбет атындағы ұлт- аспаптар оркестрінің әртісі қызметіне және 2014 жылдан бастап Камералық оркестрінің әртісі қызметін қызмет атқарды.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің «Гобой» бөлімінің оқытушысы.
Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерінде өткен Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер күндерінде оркестр құрамында өнер көрсетті.
2016 ж Алматы қаласында өткен Республикалық «Әуен fest» камералық оркестрлер фестивалінде Қызылорда облыстық филармонияның камералық оркестр құрамында 3 – ші орын иеленді.
2019 жылдан Тұрмағамбет атындағы ұлт -аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарып келеді.
2021-2022 жылдары камералық оркестрінің дирижері қызметін атқарды. Осы жылдар аралығында көптеген халықаралық, республикалық, облыстық ресми шараларда жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді.
2021 жылы Білім басқармасы басшысының Алғыс хаты;
2021 жылы Қазанғап атындағы музыкалық колледж директорының Алғыс хаты;
2022 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты;
2022 жылы Білім басқарма басшысының Құрмет грамотасы;
2022 жылы Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының Алғыс хаты;
2023 жылы Қызылорда облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;
2023 жылы Білім басқармасы басшысының Алғыс хаты;
2023 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты;
2023 жылы Білім басқармасы басшысының Алғыс хаты;
2024 жылы Қызылорда облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаты;
2024 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.