Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы
Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі орындаушыларының басшы орынбасары 
Бүкілодақтық өнер фестивалінің лауреаты, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі;
Амандық   Бүрлібаев 1974 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 
1995 жылдан 2011 жыл аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУнің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап шығармашылық -ғылыми жұмыстарымен айналысқан. 
2019 жылдың сәуір-шілде айы аралығында М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі, әдіскер қызметі, шілде айынан бастап Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры қызметін атқарған.
2022 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі орындаушыларының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып, 2024 жылдың   2 сәуірінен бастап «Қызылорда облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны дәстүрлі жыраулар бөлімінің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.