Өмірбеков Қайырбек Ибрашұлы
1971 жылы 16 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1998-2004 жылдары Қазақ академиялық университетінің «Юриспруденсия», 2013 жылы Болашақ университетінде «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы №6 кәсіптік техникалық училищеде, 1996 жылы Акционерлік қоғам «ФАМ», Тәуелсіз «Сейхун» институтында және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінде суретші безендіруші болып жұмыс атқарған.
2006 жылы Қызылорда обл. қаз. музыкалық драма театрында қойылым бөлімінің меңгерушісі қызметіне кабылданған.
2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясына қойма меңгерушісі, 2015 жылдан бастап бас суретші қызметіне ауыстырылған. Қазіргі таңда осы қызметте жұмыс жасап келеді.