МӘҢГІ ІЗДЕЙМІН
Өнер орталығының алдында көрнекті әнші, композитор, дарынды музыкант, актер, әрі ақын Батырхан Шөкеновтің шығармашылығына арналған “Мәңгі іздеймін” атты Қызылорда облыстық филармониясы “Сыр самалы”вокалды аспапты ансамблінің концерті өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: Ә. Мұстафаев.
Концертте: “Қорқыт сазы” қобызшылар ансамблі, Е.Есалиев, Г.Бисекенова, Р.Үсенов, саксофоншы Ғ.Ұлықпан және шәкірттері, А.Әбді, А.Төреғалилар Батырхан Шөкеновтың репертуарынан “Отан-Ана”, “Қайран көңіл-ай”, “Гүл Алматы”, “Джулия”,”Нелюбимая”, “Солдат любви” және т.б. көптеген танымал әндерін орындап, жиылған көрерменнің жүрегін елжіретті.
Батырхан Шөкенов достарының жадында позитивтік және оптимистік ұстанымы басым, әрқашан өзінің жарқын энергетикасымен маңайына сәулесін шашып жүретін болмысы бөлек адам ретінде сақталса, көрермендері мен тыңдармандары, жанкүйерлері үшін музыкалық таланттың ұлылығы мен қарапайымдылықтың таңғажайып үйлесімін бойына сіңірген жан ретінде сақталды. Оның даусында өмірге деген шынайы құштарлық, жастық та, қайрат та, тәттілік те, мұң да,шер де, қуаныш пен махаббатта бар еді.
Сыр бойының талантты ұлы, өнер тарланы, Қазақстан және Ресей эстрадасының жарық жұлдызының есімі халқының жүрегінде мәңгі сақталады!
Кештің сценарийін жазған және қоюшы режиссёрі: “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Әзиза Іздіқұл
Кеш жүргізушілері: А.Жаппарбердиев, М.Айсауытова
Дыбыс операторлары: А. Қуатбаев, Б.Абишов