ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21 мамыр- мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай Қызылорда облыстық филармониясының бірқатар қызметкерлері облыстың "Құрмет грамотасы", облыс әкімінің "Тұран" сыйлығы, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрмет грамотасы" мен алғысы, "ТҮРІКСОЙ" халықаралық ұйымының медалі, аймақ басшының, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының, филармония басшының, салалық кәсіподақ ұйымының арнайы алғысымен марапатталды. Сондай-ақ, халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігінің "Мәдениет майталманы", "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Кәсіптік Одағы" қоғамдық бірлестігінің “Еңбек даңқы” төсбелгісі және Жаңақорған шипажайына жолдама табысталды.
Марапат биігінен көрінген барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, береке, бірлік тілейміз!