“АЙБАР МЕН БАУЫРСАҚ” ҚОЙЫЛЫМЫ ӨТТІ
«Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы Өнер орталығында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері А.Іздіқұлдың Айбардың хикаялары “Айбар мен Бауырсақ” атты қойылымын кішкентай көрермендер назарына ұсынды.
Қойылымдағы басты кейіпкерлер 6 жасар Айбар және бауырсақ.
Қойылым барысында балаларға тақырыпқа арқау болған ұлттық тағамымыз жеті күлшенің, қазақ үшін киелі жеті санының мәнісі жәйлі мағлұмат берілді.
Режиссёрі: “Қазақ мәдениетінің қайраткері” медалінің иегері Е.Абжалиев
Көркемдік жетекшісі: «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қ. Боранбаев
Суретшісі: Н.Бегімбет
Музыкамен көркемдеген: А. Әбілдаев.