ӘР ДӘУІРДІҢ ӨЗІНІҢ ӘУЕНІ БАР
Қызылорда облыстық филармониясы 2024 жылдың маусымдық жабылу концерттерін бастап кетті. Бірінші болып филармонияның этрадалық ұжымы “Әр дәуірдің өзінің әуені бар” атты қойылым концертімен өз маусымын жапты.
Қойылым концерті ҚР еңбек сіңірген әртісі, сахна сандуғашы, сырдың бұлбұлы Күлән Жантемірқызының орындауындағы “Көңіл толқуы”әнімен басталып, этрадалық орындаушылардың “Өнер жолы” атты әнімен аяқталып өз көрерменіне жол тарта отырып ерекше құрмет-қошаметіне бөленді.
Концерт барынсында ретро әндермен қатар қазіргі хит әндер орындалып өзіндік үйлесім тапты.
Концерттің сценаристі және қоюшы режиссёрі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Әзиза Іздіқұлова
Хореографиясы: З.Стықбаева
Кеш жүргізушілері: А.Жаппарбердиев, М.Айсауытова
Дыбыс режиссёрі және операторы: М.Баимбетов, А.Қуатбаев
Жарық режиссёры: Ж.Бермағамбетов
Лэд-контент: К.Дәріқұлова, Т.Қазбеков, О.Саруаров