АЯУЛЫ МЕКЕНІМ
Өнер орталығында Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі “Аяулы мекенім” атты маусымдық жабылу концертін өткізді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі- мәдениет саласының үздігі Самат Абылаев.
Дирижёрлары: «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев және республикалық дирижерлар конкурсының лауреаты Руслан Балмасов.
Концерттік бағдарламада оркестрдің сүйемелдеуімен
Мақсат Мақұлбеков, Сымбат Тасбергенова, Ақылбек Табынбаев, Айдос Иманжаппаров, Назерке Омар, жеке примада Рахманберді Әбдіқадыр, жеке қобызда Гүлнар Құлахметова, жеке домбырада Болат Күзембаев өнер көрсетті.