АДАМЗАТ ПЕН МАХАББАТ
Қызылорда облыстық филармониясының “Томирис” би ансамблі өз маусымын жапты.
Адам баласы тіршілігінің есігін ашып, дүние дидарын көргеннен кейінгі өтетін уақыттың бәрі пенде өмірдің қиындығы мен қызықшылығы болып өріле береді. Сол кезек алмасқан қиыншылықта мұқалтпайтын, қуанышта жұқартпайтын бір ғана ғажайып бар, ол - бақытқа деген аңсар. Махаббатпен жаратылған адамзат баласы махаббатты ғана рухына нәр етеді. Махаббатқа деген адалдық қана адамзат баласын асқақ шыңға жетелейді. Демек, адамзат пен махаббат - егіз. Біреулер бақытты алыстан іздейді. Өмірдің мәнін байлық деп түсінетіндер де аз емес. Шын мәнінде олардың бақыты өздерінің қолында. Ол бақыт — махаббат.
Қойылым барысында 9 көріністе билер орындалды.
Айта кету керек, би қойылымдарын "Томирис" би ансамблінің бас балетмейстері, мәдениет саласының үздігі Г.Мырзабаева ("Ғайып" биі, "Қыз арманы" биі, "Ғашықтың тілі..." биі ) және хореограф,әрі ұжымның көркемдік жетекшісі М.Кенжебаева ( Енді кеш..." биі) мәдениет саласының үздігі Г.Абитов ("Жаңғыру"биі,"Танго" биі), М.Кенжебаева және Г.Абитов ("Жұптар жыры" биі), ансамбль әртістері А.Мұхамеджанов ("Құмарлық" биі), Ж.Еришова, В.Молдағалиева, Н.Тәңірберген,Ш.Серік ("Қайырсыз сезім" биі) қойды.
Сценарий авторы және қоюшы режиссёры “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Әзиза Іздіқұлова