КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ
Қызылорда облыстық филармониясы “Ақмешіт” фольклорлық ансамблі мен “Қорқыт сазы” қобызшылар ансамблінің “Көңіл толқыны” атты біріккен концертімен 51-ші маусымның шымылдырығын жапты.
“Ақмешіт” фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі Нұрғиса Нұрбай және “Қорқыт сазы” қобызшылар ансамблі, көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі Салтанат Пұсырманова!
Күй - құдірет, күй - ұран, күй - қазақтың
жаны!
Концертіміз: қазағымыздың егемен елдігін, патша көңіл кеңдігін күмбірімен тарқатқан зерлі күйлерінің авторы Құрманғазы атамыздың “Қызыл қайың серпер”
күйімен ашылып, Дәулеткерейдің “Көрғұлы” шығармасымен тәмәмдалып көрерменнің ыстық - ықыласына бөленді.
Концертте: Мәдениет саласының үздігі Р.Ысқақова, Э. Қалхожаева, Б.Төлеубаев, Б.Қарғабаев, Д.Қыдырбай және қылқобызда Н.Есжанова, М.Жаңаділ, жетігенде Г.Ботабаева, Ж.Қайыпбергендер өнер көрсетті.
Концерттің сценаристі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Әзиза Іздіқұлова