Бүгін, филармония басшысы Талғат Бақытбекұлы филармония ұжымына жалпы жиналыс жасап, алдағы жоспарларды талқылап, жаңа маусымға сәттілік тіледі.
Жиналыс барысында жаңа тағайындаулар таныстырылды.
Облыс мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып, филармония жұмысының жандануына, кәсіби деңгейінің артуына аянбай қызмет етіп келген басшының көркемдік жұмыстары жөніндегі орынбасары, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Издикулова Азиза Гажденбекқызы өз өтінішімен қызметінен босатылып, келісімі бойынша облыстық филармонияның режиссёрі қызметіне ауыстырылды.
2024 жылдың 2 қыркүйекгінен бастап «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының орынбасары лауазымына бүгінгі күнге дейін музыка бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген Баимбетов Марлен Сайлаубекұлы тағайындалса, музыка бөлімінің меңгерушісі қызметіне эстрадалық бөлімнің көркемдік жетекшісі, “Тұран” триосының әншісі Өтеуов Алмас Серікұлы тағайындалды.
Сонымен қатар, әріптестеріміз Р. Үсенов, Ғ. Ұлықпан, А. Қуатбаев «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинарды ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді жаңа қызметтерімен және марапаттарымен құттықтай отырып,
еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.