СҰЛУ СЫРДАН САЗДЫ СӘЛЕМ!
2024-09-11
«Бірлік керуені» жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» Этноауыл жобасының аясында Астана қаласы, Қарқаралы тас жолы, 1 мекен-жайында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы Елордаға гастрольдік сапармен келді.
Гастрольдік сапар барысында өнер шеберлері Көшпенділер шеруіне қатысып, Бас сахнада “Сұлу Сырдан сазды сәлем!” атты ұлттық нақыштағы концерттін көрерменге ұсына отырып көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан мәдени-көпшілік шараның тақырыбын аша түсті. Сонымен қатар, Этно - Шаңырақта дәстүрлі орындаушы Б.Орынбасар мен Е.Бәйментай айтысқа қатысты және “Ақмешіт” фольклорлық ансамблі өз өнерлерін көрерменге паш етті.
Ұлттық өнеріміздің абыройы қашанда асқақтай берсін!