РУХАНИЯТ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2025-01-24

 Облыстық филармония басшысы Талғат Бақытбекұлы өткен "Руханият жылының" қорытынды есебін беріп, орталықтың 2025 жылға бекіткен іс-шара жоспарымен таныстырды. 

Өткен жылы өнер мен мәдениетке қолдау ретінде салынған 1000 орындық «Өнер» орталығы филармония ұжымына пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратқа көшкен ұжымның шығармашылығы жаңа дем алып, жақсы жетістіктер мен жарқын бастамаларға толы жыл болды. Бірқатар ұжымдар жаңа қызметкерлермен толығып, бірнеше өнер ұжымдары құрылды. Жиын барысында Талғат Бақытбекұлы әр өнер ұжымының жұмыстарын саралап, жоспарлы және жоспардан тыс концерттер, шығармашылық іссапарлар мен түрлі мәдени-көпшілік шараларға тоқталып өтті. Ұжым мүшелерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. 

Жиын соңында аймақтың руханияты мен мәдениет саласын дамытуға үлесін қосып жүрген ұжым мүшелеріне облыс әкімінің Алғыс хаты, облыс әкімі орынбасарының, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты және филармония басшысының Алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды. 

Сонымен қатар, "Әдемі" балалар музыкалық театр-студиясының көркемдік жетекшісі Курманбек Боранбаев пен филармония әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Сымбат Тасбергенова салаға сіңірген еңбегі үшін Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының "Еңбек даңқы" медалімен марапатталды.