АЙДАРЛЫ АУЫЛЫНДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
2025-04-04

Биыл Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болғанына 100 жыл. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшіріліп, қала атауы Ақмешіттен Қызылорда болып өзгертілген болатын. Міне, бұл атаулы дата сырбойылықтар үшін тарихи-экономикалық, саяси-әлеуметтік маңызды оқиға болып қала бермек. 

Атаулы дата аясында облыстық филармония әртістері қалаға қарасты Айдарлы ауылынына гастрольдік сапармен барып, ауыл тұрғындарына мерекелік концертін ұсынды. Көңілі кең көрермен өнер иелеріне зор қошеметпен құрмет көрсетіп, ерекше көңіл-күймен концерт тамашалады.