АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
2025-04-17

Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-нің астанасы болған тарихи кезеңнің 100 жылдығы қарсаңында жоспарланған мерекелік шаралар әлі де жалғасуда. Бұл жолы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен, шығармашылық топ Амангелді ауылына сапарлап, ауыл тұрғындарына мерекелік концертін ұсынды. Гастрольдік сапармен келген шығармашылық топтың өнері көптің көңілінен шығып, әртістер әнсүйер қауымның қошеметіне бөленіп қайтты. Әсем әуендер әуелеген кеште филармония солистері танымал әндерді тамылжыта орындап, кештің көркін қыздыра түсті.
Құлақтан кіріп, бойды алар музыка кешінің куәсі болған көрермен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңілмен тарқады.