Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аясында лекция-концерт өтті.

0
29

Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 6 ақпан күні сағат 15.00-де
Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, қазақ халқының Ұлы ақыны, мәдениетіміздің мәртебесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аясында лекция-концерт өтті.
Концертте «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова, Сыр елінің сахна сәніне айналған «Тұран» триосы мен «Томирис» би ансамблі, жыраулар Ә.Қуаңбаев, Б.Төлебаев сынды филармония әншілері өнер көрсетті.
Осы тақырыптағы өнер керуені 7 ақпан күні сағат 17.00-де Сырдария ауданының Айдарлы ауылында және 10 ақпан күні сағат 15.00-де Баймұрат батыр ауылында жалғасын таппақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь