Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 7 ақпан күні Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, қазақ халқының Ұлы ақыны, мәдениетіміздің мәртебесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аясында лекция-концерт өткізілді.
«Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Ү.Медеуова және Мәдениет саласының үздігі, жырау М.Сәрсенбаева бастаған өнер иелері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қайтты.