«Абайдың ән әлемі»

0
16

«Абайдың ән әлемі»
Бүгін 11 ақпан күні сағат 11.00-де Қызылорда облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Абай ауылында Ұлы ақынның шығармашылығына арналған «Абайдың ән әлемі» атты концерт өткізілді. Концертке облыстық филармонияның «Ақмешіт » фольклорлық ансамблі және жеке орындаушылары қатысты. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» сынды халыққа кеңінен таралған әндерін көрермен бірге шырқады. Ақынның 175 жылдығына арналған «Абайға арнау» толғауын жырау Әділхан Қуаңбаев осы концертте алғаш рет көрерменнің назарына ұсынды. Алдағы уақытта осындай шаралар өз жалғасын табары сөзсіз!
Осы концертте ұйымдасып Абай өлеңдерін жатқа үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) оқыған кішкентай көркем сөз оқу шеберлері, №138 Абай атындағы орта мектеп оқушыларына алғысымызды білдіреміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь