БАЙҚАУ ЖҮЛДЕСІ АБЫЛАЙХАН СҚАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

0
589

Елбасының Рухани жаңғыру, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында үстіміздегі жылдың 26-28 сәуір күндері Атырау қаласында өткен түркі тілдес халықтардың «Saz perneli Saraishyq» атты Халықаралық домбыра фестивалі-байқауында филармония әртісі Сқақов Абылайxан жүлделі І орын иеленді.

Өз елімізден бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінен келген 20-дан астам өнерпаздың арасынан топ жарған Абылайханды жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь