Әділжан саз әлеміндегі жаңа есім.

0
72

Қызылорда облыстық филармониясы 2020 жылдың ақпан айына «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі мен дыбыс студиясының жұмысын жандандыру мақсатында шеберлік дәріс өткізуді жоспарлаған болатын. Осы орайда таңдауымыз «Saz & Soul» вокалды-аспапты тобының көркемдік жетекшісі, мультиинструменталист Әділжан Толықбаевқа түскен болатын. Әділжан саз әлеміндегі жаңа есім. Жаста болса өзін нағыз білікті, кәсіби деңгейі жоғары, шоқтығы биік музыкант екенін көрсетіп келеді. Сегіз қырлы-бір сырлы музыканттан дәріс алу біз үшін үлкен мәртебе. Айта кету керек Әділжанның да бұл алғашқы шеберлік дәрісі екен. Шеберлік сағаттарының нәтижесін жерлесіміз Б.Шөкеновтың туған күніне арналған Б.Шөкенов саябағындағы «Мәңгі іздеймін» атты «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің концертінде байқап көруге болады. Ансамбльдің музыканттары дәріс барысында Абай әндеріне де импровизациялар жасап көруде. Ұжымдастарымызға сәттілік тілейміз. Әділжан бауырымызға шексіз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да бірігіп жұмыс жасайтынымзды айтқымыз келеді. Шеберлігіміз шыңдала берсін!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь