«Ақмешіт» ансамблі абырой биігінде

0
51

Үстіміздегі жылдың 26-30 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында «Жұбановтар әуені-2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер фестиваль-байқауы болып өтті. Төрт күнге созылған шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалалары мен Ресей, Түркия, Тәжікстан және Қырғызстан елінен келген өнерпаздар қатысты.

Айта кетейік, «Жұбановтар әуені – 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер фестиваль-байқауы қазақ музыкасын кәсіби тұрғыда әлемге танытқан академик Ахмет Жұбанов пен КСРО халық артисі, композитор, профессор Ғазиза Жұбанованың атын есте қалдыру мақсатында өткізілген ауқымды өнер мерекесінің бірі.

2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан өнер мерекесі биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына арналды. Оннан астам өнер ұжымы қатысқан байқауда бас жүлде қызылордалық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне бұйырды. Өнер кеші Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына арналған «Ұлы даланың әуендері» атты концертімен жалғасты. Сыр өңірінің мәртебесін асырған облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь