“Ақмешіт” фольклорлық ансамблі “Байсун бахори” фестиваліне қатысып қайтты

0
171

2022 жылдың 7-8 мамыр күндері Өзбекстан Республикасы, Сурхандарья облысы, Байсун аймағында «Байсун бахори» атты Халықаралық фольклорлық фестивалі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам фольклорлық бірлестіктердің өкілдері қатысып, өз аумағына тән костюмдер, ән және фольклорлық дәстүрлерді ұсынды. Аталмыш фестивальде Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

«Байсун бахори» фестивалі – «Байсун көктемі» Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен мәдени қарым-қатынастың мерекесіне айналды.

Бұл фестивальдің мақсаты – тек Байсұн ғана емес, Өзбекстанның басқа аймақтарында да көнеден сақталған мұраларды жинақтап, салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып халыққа ұсыну. 2001 жылы ЮНЕСКО Байсун мәдениетін «Рухани мәдени мұраның жауһары» деп таныған. Ал 2002 жылдан бастап “Байсун бахори” фольклорлық фестивалі өтіп келеді. Биыл 20 жылдығын атап өткен фестивальге Қызылорда облысынан “Ақмешіт” фольклорлық ансамблі шақырту алып, қазақ өнерін өзбек жерінде әуелетіп қайтты.

Байсун өңірінің тау етегінде, шара өтетін жерде киіз үйлер мен қолөнершілер дүңгіршегі бар үлкен лагерь бар, онда фестиваль қонақтары тек фольклорлық дәстүрлермен және қойылымдармен ғана емес, сонымен қатар қолөнер бұйымдарымен, өзбек суретшілері мен сәулетшілерінің туындыларымен, тамаша ұлттық киімдерімен және өзбек асханасының дәмді тағамдарымен танысуға мүмкіндік алды. Лагерьдің ашық сахнасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген фольклорлық ұжымдар мен жеке өнерпаздардың орындауындағы ұлттық әуендер шырқалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь