Ақмырза Тұяқбайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «Төкпе жырдың дүлдүлі» атты жыр кеші өтті

0
35

10 қыркүйек күні облыстық филармония залында Сыр елінің дәстүрлі өнерін дәріптегендердің бірегейі, әнші, жырау Ақмырза Тұяқбайұлының 110 жылдығына арналған «Төкпе жырдың дүлдүлі» атты облыстық филармония жыршы-жырауларының жыр кешімен өзінің 49 –шы маусымын ашты.

Жыр кешінде Ақмырза Тұяқбайұлының репертуарындағы жырлары мен әндерін Сыр елінің жыраулық мектептері Нұртуған, Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай жыраулардың ізін жалғастырушылары орындады.

Атап айтсақ, Нұртуған мектебінің мақам саздарын мәңгілікке мәйектеген ұстаз, жырау, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Бимбетова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ұстаз Руслан Ахметов, Нартай мектебінің жалғастырушысы, тыңдаушысы таңдай ұрған белгілі жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ақмарал Ноғайбаева, Сәрсенбай жырау мектебінің өкілі, Сәрсенбай жыраудың немересі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Майра Сәрсенбаева, Тұран тұғырлаған Тұрмағамбеттің, терме-жырдың үкілі ұрпағы, жыр жалғастырушысы, түрлі деңгейдегі жыршылар байқауының жеңімпазы Әділхан Қуаңбаев. Тағы да басқа бүтін өнердің берекесін келтірген майталман жыршы-термешілер, халықаралық және республикалық жыр додаларының жеңімпаздары Бисенбек Төлеубаев, Марат Сүгірбай, Жәнібек Жақсанов қатысты. Сондай-ақ, бағдарламада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі әндердің шебер орындаушысы, қоңыр дауыс иесі Бақдәулет Қарғабаев та өнер көрсетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь