«Алтын тұғыр – Ата заң» атты онлайн концерт өтті

0
268

30 тамыз – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қызылорда облыстық филармониясы «Алтын тұғыр – Ата заң» атты онлайн-концерт өткізді.

Мерейлі мерекеге арналған концертте облыстық филармонияның камералық оркестрі мен «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі бірігіп кіші симфониялық оркестр құрып, академиялық концерт ұсынды. Оркестрді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық Отырар сазы оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе дирижерлап, Сыр елі классикалық өнерінің майталмандары М.Мақұлбеков, С.Тасбергенова, А.Иманжаппаров, Ж.Жүсіпов, А.Табынбаев, К.Тауекелова, А.Махамбетжанова және «Томирис» би ансамблі оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Елде енгізілген карантин талаптарына орай тұрғындар концертті 30 тамыз күні Youtube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қызылорда облыстық филармониясының Facebook парақшаларынан тамашалады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь