ӘН ӘУЕЛЕГЕН КЕШ

0
683

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйек күні облыстық филармонияның концерт залында «Сыр самалы» вокалды аспаптар ансамблінің концерті болып өтті. Әуелеген жыр кешінде өнер майталмандары Ә. Тәуекел, Р.Үсенов, А.Наукеевалар әннен шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсерлі де, тартымды кеште түрлі аспаптармен ән шырқаған әншілерге тыңдармандар гүл шоқтарын ұсынды.
Сонымен қатар 10 қыркүйек отбасы күні мерекесі аясында «Дәстүр діңгегі» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті ұйымдастырылды. Концертте белгілі жыраулар «Мәдениет саласының үздігі» М.Сәрсенбаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р.Ахметов, Ш.Бимбетова, Ж.Төлебай, Б.Төлеубаев, Ә. Қуаңбаев, М.Сүгірбай мен М. Бекпейсовтер күмбірлеген күй мен жырдан төкті.
Сондай-ақ, Ақмешіт-Сырдария мешітінің ұйымдастыруымен өткен Құрбан айт мерекесіне орай «Игілік пен мейірімділік» атты шарада белгілі «Тұран» триосы мен дәстүрлі орындаушылар Ж.Төлебай, М. Бекпейсовтер концерттік бағдарламаларын ұсынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь