Армысың, дәурен тіршілік!

0
580

Айлардан аман, жылдардан есен қылғайсың. Даламызға қызғалдақтай гүл шығып, адал ниет ауызбіршілік, көрісейік құшағыңды аш ардақтым. Армысың, дәурен тіршілік!

Осылайша бүгін Қызылорда облыстық филармониясы ұжымы 14 наурыз-Көрісу амал күніне орай «Армысың, дәурен тіршілік!» атты мәдени шара ұйымдастырды.

 Ұлтымыздың сарқыттай сақталған салт-дәстүрінің бірі Әз-наурыздың бастауы болатын Көрісу амалын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шарада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, төл өнеріміздің тек тірегі-жыраулар, мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ноғайбаева, Әділхан Қуаңбаев, Марат Сүгірбай, Бейсенбек Төлеубаев, Күнсұлу Түрікпен және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен Үміт Медеуова, Эльмира Қалқожаевалар өнер көрсетті.

Сонымен қатар шара барысында жастар алтыбақан, арқан тартыс, асық сынды ұлттық ойындар ойнап шараның мәнін аша түсті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь