БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

0
544

29 наурыз – 1 сәуір аралығында Астана қаласында Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Өз елім»атты ІV  кезекті фестивалі өтті. Мәдени іс-шараға Ресей мен Қазақстанның барлық аймақтарынан кәсіби орындаушылар, домбырашылар мен дирижерлар жиналған.  16-35 жас аралығындағы талантты өнерпаздар қатысатын байқау классикалық вокал, домбыра және дирижерлар аталымдары бойынша 2 айналыммен өтті. Байқауға қатысушыларға музыка әлеміндегі танымал мамандар, көрнекті мәдениет қайраткерлері және білікті қазылар алқасы төрелік етті.

Аталмыш байқауға облыстық филармония атынан жас вокалистер Бибігүл Тыныштық және Мадина Айдарбекова қатысып жүлделі медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, БибігүлТыныштық ІІ орын, Мадина Айдарбекова ІІІ орыннан көрінді. Шара қорытындысы Конгресс-Холлда «Өз елім» атты музыкалық фестивальдің қазылар алқасының мүшелерінің және лауреаттарының қатысуымен болған гала-концертпен аяқталды.

Сондай-ақ 26-30 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы Шабыт университетінде 36 республикалық дәстүрлі орындаушылардың конкурсы өтті. Бұл конкурсқа облыстық филармония әртісі, дәстүрлі орындаушы Есназар Эльвира қатысып жүлделі  ІІІ орын иемденді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь