БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

0
154

Қызылорда облыстық филармониясының «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы балалардың мәдени шаралар мен қойылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 1 сәуір күні филармония залында «Наурыз ертегі» атты балалар музыкалық қойылымын ұйымдастырды. Аталған қойылым «Асыл Мирас» Аутизм орталығы, №1 облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығы және «Шуақты бөбек» қоғамдық қорының емделушілеріне ұйымдастырылды.

Қойылымда Бай бала мен Көсе «Жарапазан» орындаса, жаңа доңыз жылы мен Наурыз аруы балалармен қыз қуу, ат жарыс, арқан тартыс сынды ұлттық ойындарымызды ойнап жарымжан балалармызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь