Батырдың ән мұрасы

0
62

19 мамыр күні Б.Шөкенов атындағы саябақта Қазақстандық және Ресейлік танымал әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына арналған «Батырдың ән мұрасы» атты еске алу кеші өтті.

Концерттік бағдарламада «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблі, композитор, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәбит Ұлықпан, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әбдіхалық Мұстафаев, Ғалымжан Елубаев, Алтынбек Әбдіреев, Гаухар Бисекенова, Ринат Үсенов, Қайрат Сарыбаев, Айсұлу Әбді, Арай Маханбетжанова, қобызшы Алтынай Берденова, саксофоншы Ғалымжан Ұлықпандар Батырдың репертуарынан «Отан-Ана», «Қайран көңіл-ай», «Гүл Алматы», «Джулия», «Любовь река», «Немного слез твоих», «Нелюбимая», «Солдат любви» т.б. көптеген танымал әндерін орындап, жиылған жұртшылықтың жүрегін елжіретті.

Батырханның әнін білмейтін адам кемде-кем болар. Қазақтың аймаңдайлы азаматы Батырхан Қамалұлына арналған кешке жүзден аса адам жиылып, танымал талантты еске алды.

Сырдан қанаттанып, сырлы саз әлемінің көгінде жасындай жарқыраған музыканттың өмірден озғанына биыл 7 жыл өтіпті. Бірегей таланттың есімі ұмытылмақ емес. Жақсының аты әрдайым халықтың жадында сақталады.

Қоғам белсенділері Ерлан Мусаев пен Герман Дьяченко концерттік бағдарламаны екі тілде жүргізіп кештің көркін аша түсті.

Кештің сценарийін жазған және қоюшы режиссёрі “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Азиза Издикулова

Дыбыс режиссёрлері Алексей Коваль, Марлен Баимбетов

Дыбыс операторлары Айбек Қуатбаев, Медет Байманов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь