Би әлемі

0
167

30 наурыз күні Шымкент қаласында Қызылорда облыстық филармониясы және Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының тәжірибе алмасу және шығармашылықты дамыту мақсатында жасасқан Меморандумының негізінде «Томирис» би ансамблі мен «Яссы» би ансамблінің «Би әлемі» атты концерті өтті.

Облысаралық шығармашылықты нығайтуға арналған меморандум негізінде жүзеге асырылып отырған бұл жоба би ансамбльдері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шығармашылық кездесу барысында әріптестер өзара шеберлік дәріс ұйымдастырып, ұлттық өнерді дамыту әдістерімен бөлісті.

«Томирис» би ансамблі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлбану Елубайқызы Мырзабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырды. Ансамбльдің репертуары өте бай. Көпшіліктің назарына «Тұмар.Тағдыр.Ханшайым», «Аманат», «Сыр сұлулары», «Балбырауын», «Самал сезім», «Қыз-дәурен, Ана-ғұмыр» және тағы да басқа төл туындыларын ұсынды. Жалпы, ұжым жоғары кәсіби түрде керемет қойылымдар жасады.

Ал, «Яссы» би ансамблі 2019 жылдың тамыз айында құрылды.

Көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Қуат Анатолийұлы Таукеев. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай «Ақжелкен» атты алғашқы жеке шығармашылық есеп беру концертін өткізді.

Халық билерімен көрермендерді тәнті еткен ансамбль жақсы өнер өрнегін көрсете білді. Шығармашылық ұжым алдағы уақытта да көрермендерді жаңа туындыларымен қуантпақ ниетте.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь