БИ РЕЖИССЕРІ ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІН ӨТКІЗУДЕ

0
724

Қай өнер саласы болмасын, оның біз білмейтін өзіндік сыры, әдіс-тәсілі болады. Бекзат өнер саналатын би өнері де сол секілді. Адам бойындағы асыл қасиеттерді паш ететін бұл өнердің жақсылыққа, әсемдікке үндейтінін білеміз. Сонымен бірге түрлі  қимылдар жасау дене бітімнің сұлу әрі сұңғақ болуына әсер етеді. Осы киелі би өнерін өмірінің мәніне айналдырған адамдар баршылық. Сондай жанның бірі Қытай Халық Республикасының І дәрежелі би режиссері, «Алтынай» би ансамблінің би қоюшысы Нағима Таирқызы.

Елімізге келгеніне 15 жылдан астам уақыт болған биші бүгінде зейнетті жылдарын өз Отанында өткеруде. Қытай жерінде атақты би режиссері атанған ол әлі күнге дейін мереке күндері арнайы шақыртумен барып тұрады. Тәжірибелі бишіден шеберлік дәрістерін алатын би ансамбльдері жетерлік. Дәл қазіргі күні Нағима Таирқызы облыстық филармония басшылығының шақыртуымен Сыр еліне келіп, «Томирис» бишілерінің шығармашылығын одан әрі шыңдауда. Өз республикамызға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге танылып үлгерген қызылордалық «Томирис» би ансамблінің қыз-жігіттері үшін мұндай шеберлік дәрістерінің артығы жоқ. Өйткені, би өнері үнемі ізденуді, шығармашылықты түрлендіруді талап етеді. Бұл орайда кәсіби жағынан жоғары, шеберлігі мықты би режиссерінің дәрісі қажет-ақ.

Құтты мекен Сыр жеріне алғаш келген би режиссері «Томирис» би ансамбліне екі туындыны үйретуді жоспарлап отыр.

–          Тұтас бір ұлтты тану үшін ең бірінші оның мәдениетіне көңіл бөлу керек. «Сыр елі–жыр елі» атанған киелі мекенге менің алғаш келуім. Бұл жердің халқы өзінің қонақжайлылығымен, өнерге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. «Томирис» би ансамблін бұрыннан естуім бар. Бүгін, міне, сәті түсіп бірге шығармашылық тұрғыда жұмыс жасауға мүмкіндік туып отыр. Әлі де кәсіби жағынан шыңдалған бишілердің санын арттырып, әсіресе ұл балдарды көбірек жинаса жақсы-жақсы туындыларды шығаруға болады. Жалпы, қазақ би өнерінің одан әрі дамуы үшін  көбірек көңіл бөлген жөн. Би режиссерлерін тәрбиелеп, жоғары өреге шығару керек, – дейді Нағима Таирқызы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь