Достық әуендері

0
37

15 қыркүйек күні облыстық филармония залында Сыр елінің классикалық музыка әлемінде кеңінен танылған күміс көмей әнші, ұстаз, халықаралық, республикалық вокалистер конкурсының лауреаты, Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Қазақ мәдениет қайраткері» медалінің иегері Мақсат Мақұлбековтың «Достық әуендері» атты шығармашылық кеші өтті.

Өнер иесі концерттік бағдарламада репертуарындағы халық арасында кеңінен танымал өзге ұлт әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын қамтып, көрермен қауымға әсем әндерін тарту етті.

Сонымен қатар, кеште «Томиирис» би ансамблі, Жалын Жүсіпов және облыстық филармонияның аспапты ансамблі өнер көрсетті.

Концерт соңында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директордың міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы сөз сөйлеп, алғыс хат табыстады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь