Дүйсекеев әуені

0
380

Үстіміздегі жылдың 30 маусым күні филармония залында «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Дүйсекеев әуені» атты Қызылорда облыстық филармониясының 49-шы маусымдық жабылу концерті өтті.

Концертте «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен облыстық филармонияның эстрадалық орындаушылары «Тұран» триосы, Гүлфира Алиханова, Ринат Үсенов, Олжас Нұралиев, Назым Тілеулесова, Айдос Шадаев, Арайлым Мұханбетжанова, Гүлхан Сіргебаева, Данияр Есентеміров, Бақытжан Найманов өнер көрсетті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әбдіхалық Мұстафаев.

Бағдарламада өнер алыбының танымал әндері, яғни, Ш.Сариевтің сөзіне жазылған «Сәлем, саған туған ел», «Жүрек сыры», «Махаббат мәңгі көктем», «Еркеледің сен», «Өкінбе сен», «Асыл ана», «Анаға хат», Ә.Асылбековтың сөзіне жазылған «Достар», «Туған жер», С.Тұрғымбековтың сөзіне жазылған «Алғашқы махаббат», «Қарағым–ай» сынды маэстроның тағы да басқа тыңдармандардың жүрек түбіне жеткен танымал 15 әні орындалды.

Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығын бір концерттің бойына сыйдыру мүмкін емес әрине. Алдағы уақытта Қызылорда облыстық филармониясы Сыр елінің мақтаны Кеңес ағамыздың музыкалық мұрасын насихаттауға арналған концерттерімен өз көрерменін қуантатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь