Филармония қызметкерлері арасында үстел теннисінен сайыс өтті

0
274

11 қазан күні “Нұрсәт” теннис орталығында “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан кәсіподақтары күніне орай филармония қызметкерлері арасында үстел теннисінен сайыс өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І дәрежелі дипломмен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртістері Толыбеков Мырзағали мен Мырзаханұлы Дархан, ІІ дәрежелі дипломмен облыстық филармония директорының орынбасары Ноғайбаев Сәбит пен әдіскер Аимбетов Болат және ІІІ дәрежелі дипломмен камералық оркестрдің әртістері Ақбергенов Нүркен мен Маханбетов Дарын иеленіп, қаржылай сияпатқа ие болды.

Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясымен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әртісі Толыбеков Мырзағали, «Үздік техникасы үшін» номинациясымен әнші Сарыбаев Қайрат, «Жеңіске жігерлігі үшін» номинациясымен оркестр әртісі Бакирова Жанат марапатталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь